«Осы уақытқа дейін әскери қызметшілерге 84 несие бердік. Әскери қызметші алатын несие сомасы мемлекеттен берілетін тұрғын үй төлемі негізінде беріледі. Әскери қызметшілердің зейнетақы шоттарына біз қарамаймыз», - дейді Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін 6 мың әскери қызметшіге жеңілдетілген займ беру көзделіп отыр. Ал келесі жылы бұл бастама жалғасын табады.
«Келесі жылы бұл бағдарламаны жалғастырып, жоспарлы түрде алдағы 5-6 жылда әскери қызметшілерді үймен қамтып аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бағдарлама бойынша ең алдымен көпбалалы әскерилерге займ беріледі. Бізде өтінім берген 8 баласы бар әскери қызметші бар. Жалпы, бұл ұзақмерзімді бағдарлама деп айтуға болады», - дейді Ләззат Ибрагимова.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ләззат Ибрагимова Қазақстанда 6 мың әскери қызметшіге жеңілдетілген займ берілетінін мәлім еткен еді.