11:20, 12 Мамыр 2009
Әскери қызметшілердің жауапкершілігін күшейту үшін заңдарға түзетулер енгізіледі
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыға шығарылады.
Осы заң жобасын Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті екінші оқылымға дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Екінші оқылымға дайындау барысында Парламент Мәжілісінің депутаттарынан бірқатар ұсыныстар келіп түсті. Оның ішінде, атап айтқанда, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасын қаралып отырған заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіретін ұсыныс бар. Заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар Палатаның жалпы отырысында талқыға түсетін болды.