Әскери қызметтегі нәзік жандылар мерекелік авто шеру ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі мерекеге орай, ҚР Қарулы күштерінің қатарында қызмет ететін қыз-келіншектер ер азаматтарды ерекше құттықтады, деп хабарлады 24.kz.

Салтанатты форма киген нәзік жандылар авто шеру өткізді. Кенесары ескерткіші маңынан басталған мерекелік шеруге 30-ға жуық ару қатысты. 

Астананың тасжолдарымен жүріп өткен арнайы кортеж «Бәйтерек» монументіне ат басын тіреп, өз өнерін көрсеткен соң, «Хан шатырға» жол тартты.

Қарлығаш Асылбекова, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкері: - Отан қорғаушы күні елдің қорғаны болып жүрген ер азаматтарымызды шын жүректен құттықтағымыз келеді.