Бұл туралы ҚМ баспасөз қызметінен хабарланды.
31 қаңтарда таңертең Құрлық әскерлері әскери институтының курсаттарымен бірігіп әскери көлікті жүргізу бойынша жоспарлы жаттығудың барысында төтенше жағдай орын алды, оның соңы жедел қызметтегі сарбаз Өмірсерік Дүйсенбаевтың өліміне әкеп соқты. Оқыс оқиға Алматы маңында орналасқан әскери полигондардың бірінде болды.
Жаттығу кезінде курсанттар әскери машинаны жүргізу машықтарын үйреніп жатты, оқу үрдісінің барысында 19 жастағы жүргізуші-механик Өмірсерік Дүйсенбаев көліктің шынжыр табаны астына құлап кетті. Сарбаз алған жарақатынан «жедел жәрдем» келгенше жантәсілім етті.
Заңнамаға сәйкес, марқұм болған Өмірсерік Дүйсенбаевтың ата-анасына 1 млн. теңге мөлшерінде өтемақы төленетін болады. Құрлық әскерлері әскери институтының басшылығы жерлеу рәсімін ұйымдастырудағы шығынды өз мойнына алды.
Бүгін марқұм болған жас сарбаз жер қойнына тапсырылады. Оны ақтық сапарға шығарып салуға Өмірсеріктің қызметтестері, Қорғаныс министрлігі мен Құрлық әскерлері әскери институты басшылығының өкілдері келеді.