Бүгін Астанадағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептің 446 тәрбиеленушісі жаңа гаджетке ие болды. Жақын арада «ақылды» жаңа жылдық тартуды Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» әскери мектебі, Б.Момышұлы атындағы Алматы «Жас ұлан» әскери мектебі және С.Рақымов атындағы Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері алатын болады.
Мереке қарсаңында ҚР ҚК әскери қызметшілерінің балалары да еліміздің бас әскери ведомствосының назарынан тыс қалмағанын айта кеткен жөн. Қазақстан Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінің әскери бөлімдерінде, өңірлік қолбасшылықтарында бұл күндері жаппай жаңа жылдық іс-шаралар өтуде. Әскери қызметшілердің қатысуымен 600-ден аса мүгедек балаларға арналған мерекелік іс-шара ерекше болды. Оның ішіндегі 100 баланың мүмкіндігі шектеулі. ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері 61993 әскери бөлімінің әскери қызметшілері балаларды арбада залға көтеріп шығарып, оларға жаңа жылдық мерекеде болуларына көмектесті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.