«Әскери міндеттілерді оқу-жаттығу әскери жиындарына шақыру туралы» Үкімет қаулысына қол қойылды

АНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Әскери міндеттілерді оқу-жаттығу әскери жиындарына шақыру туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 24 ақпанындағы №178 Қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ресми басылымдар.

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 25-бабына сәйкес қабылданған Үкімет қаулысында: «2011 жылы оқу-жаттығу әскери жиындарын өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды запастағы әскери міндеттілер заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда шақырылсын», - деп атап көрсетілген.

Қаулы ресми жарияланғаннан он күннен кейін күшіне енеді.