– Әскери білім беру жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік, криптология, радиоэлектрондық күрес және әскерді автоматтандырылған басқару жүйелері бойынша маман даярлауға басымдық беріліп отыр. Оқу процесіне жасанды интеллект технологиялары, цифрлық полигондар кеңінен енгізіліп жатыр. Курсанттар деректерді талдау, ақпараттық ресурстарды қорғау және әскери желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету әдістерін меңгереді, - деді спикер.
Бұл, оның айтуынша, технологиялық қауіп-қатерлер жағдайында тиімді әрекет ете алатын, цифрлық ортада кәсіби жұмыс жүргізуге қабілетті әскери мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, әскери жоғары оқу орындары мен колледждерге құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады. Сондай-ақ әскери оқу орындарына құжат тапсыру жеңілдеді, құжатты енді онлайн тапсыруға болады.