Әскери парадқа қатысуға келген әскери қызметкерлерге арнап концерт қойылды

АСТАНА. Тамыздың  10-ы.  ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ -  Елордада   Конституция күніне  арналған  әскери парадқа қатысуға  келген  әскери    қызметкерлерге арнап  концерт   қойылды.

Бұл шараны   елордалық  әкімдік   ұйымдастырды.   Жауынгерлердің алдында    қазақстандық эстраданың     жұлдыздары,   атап айтқанда, Татьяна Хасьянова, Ғайни Жұмашева, Айнұр Байнулдинова, Бекзат Оспанов, сондай-ақ   елордалық балет    труппасы мен циркінің әртістері  өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік,  парадқа қатысуға  келген әскери қызметкерлер     Қырқыншы стансадағы №68665   әскери бөлімнің маңына  орналасқан.   Мерекеге   дайындалу үшін   бұл жерге  республиканың барлық гарнизондарынан    1 600-ден астам офицер мен  әскери қызметкерлер келіп  отыр.

Парадқа  барлығы    1 800-ден астам    адам,  118   жауынгерлік техника  және    40 авиациялық техника  тартылмақ.