Әскери-патриоттық клубтардың облыстық слеті өтті ? Қостанай
16:16, 26 Мамыр 2009
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда әскери-патриоттық клубтардың облыстық слеті өтті,
деп хабарлайды ҚазаАқпарат тілшісі. Слет Қостанай бастапқы әскери дайындық ғылыми-әдістемелік базасында ұйымдастырылды. Оның өткізілуіне облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қостанай облысы балалар және жастар ұйымдары қауымдастығы мұрындық болды. Слетке облыстың 17 әскери-патриоттық клубының өкілдері қатысты. Олар суға сүңгу, парашютпен секіру және өртке қарсы даярлық, пейнтбол ұрысы тактикасы, туризм, алғашқы медициналық көмек оқу сабақтарынан өтті. Слеттің қорытындысы бойыша әскери-патриоттық клубтардың барлық командасына оқу семинарларынан өткені туралы сертификаттар тапсырылды.