Әскери полиция: Қазақстан Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіп пен әскери тәртіптің жағдайы
«Біз құқық бұзушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, қабылданған профилактикалық шаралардың сапасын арттыруға күш салып, әскери бөлімдердегі тәрбие жұмыстарын жетілдіруіміз керек. Тек бірлескен іс-қимыл арқылы ғана біз әскерлердегі қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алатын, нәтижесінде мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қарулы Күштердің негізгі тапсырмаларын орындауға оң әсер ететін механизмдерді әзірлей аламыз», - деп атап өтті ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Тимур Дандыбаев.
Дөңгелек үстел барысында Қарулы Күштердің беделіне нұқсан келтіретін көлеңкелі фактілер мен әскерлердегі құқықтық тәртіпке байланысты мәселелер нақты әрі принципті түрде талқыланды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әскердегі қылмыстар саны 3 пайызға, жекелеген көрсеткіштер бойынша 20-25 пайызға азайған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.