Аталған тұрғын үй-жайлардың 20 жылдан астам уақыт бойы тиісті түрде рәсімделген құқық белгілейтін құжаттары болмаған, соның салдарынан оларды заңды негізсіз бөгде тұлғалар пайдаланған.
Қадағалау актісі негізінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің талап арызы бойынша сот пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Одан әрі аталған пәтерлер Қорғаныс министрлігінің балансына берілді.
Қайтарылған тұрғын үйлердің бағалау құны 53 млн теңгеден асады.
Айта кетелік Оралда жеке меншікке берілген жер 14 жылдан кейін мемлекетке қайтарылған еді.