Бұдан бөлек, 65 адамға қатысты 53 іс тоқтатылып, 16 қылмыстық іс прокуратура органдарына қайтарылды. Жалпы, өткен бір жылдың ішінде 264 қылмыстық іс қаралды. «Аталған істердің басым бөлігі - әскери қылмыстар. Соның ішінде әскерилер арасындағы қарым-қатынастарға қатысты ережелерді бұзу, сондай-ақ қызмет бабын асыра пайдалану әрекеттері де бар», - делінген ҚР Әскери сотының 2016 жылда атқарған жұмысына қатысты ресми xабарламада.
Өткен жылы сарбаздардың өліміне қатысты қылмыстық істер де қаралды. «Былтыр біз бір емес, бірнеше істі қарадық. Олардың барлығына қатаң жаза тағайындалды. Бәрі де бас бостандықтарынан айырылды. Ол жағынан біз өте қатаң қараймыз», - деді қылмыстық істер алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлы Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаевтың айтуынша, әскери соттар әлімжеттік мәселесіне баса назар аударып келеді. «Қазіргі кезде бізде Талдықорған гарнизонындағы бір жағдай бар. Әзірше тергеу жүріп жатыр. Бізге түскен бойда арнайы баспасөз мәслиxатын өткізетін боламыз», - дейді ол.