Жаттығу арнаулы құрғақ гидрокостюмдермен жүргізілуде. Бұл сүңгуірлердің қыстың аязды күнінде суық су астында жұмыс істеу дағдысын дамытуға септігін тигізеді. Сүңгуірлер Каспийдің түбіне сүңгіген сәтте судағы температура 3 градус болды. Ал ашық теңізде суға сүңгитін жайлы температура 18 градусты құрайды.
Айта кетейік, ҚР Әскери-теңіз күштерінде жеңіл сүңгуір дайындығына ерекше мән беріледі. Өйткені дайындықтың дәл осы түрі - ең қиын әрі қауіпті жаттығулардың бірі.