Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Венесуэлада Карабобо штатындағы Пуэрто-Кабельо қаласы аумағында Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Globovision телеарнасы.

Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, бортта болған  бір адам қаза тауып, тағы бірі жарақаттанған. Әзірге тікұшақта қанша адамның болғаны хабарланбай отыр.

Кейбір БАҚ мәліметінше, көп мақсатты Bell 212 тікұшағы құлаған.