Әскери тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде Уттар-Прадеш штатындағы Ситапур округінде әскери-әуе күшінің тікұшағы құлап, апат салдарынан жеті адам қаза тапты.

Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.

Тікұшақ үлгісі нақтылануда. Әзірге көлік құралы Үндістанда шығарылғаны белгілі болды. Тікұшақ Барейлиден Аллахабадқа бара жатқан.

Алдын ала болжамға қарағанда апаттың орын алуына техникалық ақау себеп болған.