деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Әуе кемесінің бортында барлығы төрт адам болған. Екі адамның мерт болғаны расталды, түрлі жарақат алған үшіншісі Денвер ауруханаларының біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта құтқарушылар тікұшақ экипажының соңғы мүшесін іздестіруде.
Авиаапат тамыздың 19-ында болған. Нақтыланған деректер бойынша Кентукки әскери базасына қарасты тікұшақ жаттығу ұшуларының кезінде жартасты қыраттардың біріне соқтығысқан. Оның себебі әзірге анықталған жоқ.