АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Невада штатында жойғыш ұшқыш апатқа ұшырады. Бұл туралы АҚШ Әскери-теңіз флотының өкілі Райан Перри хабарлады.
Белгілі болғандай, F/A-18C Hornet ұшағы әскери-теңіз күштері полигонында апатқа ұшыраған. Ұшқыштың тағдыры белгісіз.
Қазіргі кезде оқиға орнына Әскери-теңіз флотының өкілдері жіберілді.
Өкілдің айтуынша, апат себебін анықтау үшін арнайы тергеу амалдары жүргізілетін болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.