Әскери ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Германиядағы Кобленц қаласының маңында бейсенбі күні кешке Tornado әскери ұшағы апатқа ұшырады.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, бұл бундесвер ұшағы. Екі ұшқыш та катапульт жасап үлгерген, олар жеңіл жарақаттанды. Ұшақтың сынған бөліктері автокөлік жолының бойына құлаған. Жол бойынша қозғалыс жабылды», - деп хабарлады қалалық полиция өкілі.

Алайда ол Tornado ұшағының қай түрі екендігін айта алмады.