«Бұл тікұшақ іздестіру-құтқару, басшылық құрамды тасымалдау, сондай-ақ десанттық-көліктік тасымалдау жұмыстарын орындайды. Ұшудың ең жоғары биіктігі 5 мың метр», - деді ЕС-145 экипажының командирі лейтенант Дмитрий Якунев.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери ұшқыштар әлемдегі ең заманауи тікұшақтардың бірі ЕС-145 тікұшағында ұшқан. ЕС-145 еліміздің «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытында құрастырылған. Бұл зауыттың өнімі «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде ұсынылатын болады. Тікұшақ барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Шуыл деңгейі төмен, жылдамдығы жоғары сипатқа ие.
«Оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл - бір аптада күндізгі және түнгі 3-4 ауысымдық ұшу. Әскерилердің әуе болуының орташа уақыты 5 сағат шамасында. Жауынгерлік тапсырмаларды арттыру бойынша ұшу уақыты 8 сағатқа жетуі мүмкін», - деді авиациялық эскадрилья авиациялық буынының аға ұшқышы (19132 әскери бөлімі армиялық авиацияның), капитан Алексей Аляев.
Әскери авиация ұшқыштарының жұмысы адамның еңбек қызметінің анағұрлым күрделі түрлерінің біріне жатқызылады. Тікұшақтарымыз кез келген метеожағдайларда, тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында ұшуға арналған.