Олар екі ай бойы 53975 әскери бөлімінің базасында біліктілік дәрежелерін дәлелдеу үшін сынақтар мен емтихандар тапсырды. Оқу-жаттығу ұшулары күндіз түні және күрделі метереологиялық жағдайда жүзеге асырылды. Жиынға барлық авиациялық базаларынан, сондай-ақ Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтынан өкілдер қатысты.
Ми-17, Ми-8, Ми-24, Ми-26, Хьюи-2 сияқты тікұшақтармен ұшқан ұшу құрамы аспанда әртүрлі жаттығулар орындап тәжірибелерінің шыңдалғанын танытты. Өз шеберліктері мен ұшу тәжірибелерін көпшілікке қөрсету арқылы сыныптық біліктіліктерін дәлелдеу үшін ұшқыштардың барлығы дерлік аспандағы және жердегі сынақтардан сүрінбей өтті. Олар ұшу арасындағы үзіліс кезінде теория, атыс, саптық және дене даярлығынан емтихандар тапсырды.