Әскерилер артиллерия зеңбіректерін жауынгерлік жағдайда қолданып үйренді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 11 қаңтардан бастап «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 28738 әскери бөлімінде артиллериялық бөлімшелер мамандарының оңаша даярлығы басталды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығуда техникалық құрал мүмкіндіктері мен оларды қолдану тәртібі көрсетіліп, зерделенген.

Артиллерия мамандары зеңбірек, аспаптар мен артиллерия оқ-дәрілерінің құрылысын, тактика-техникалық сипаттамаларын зерделеп, білімдерін жетілдірді.

Автомобильді техника жүргізушілері және жауынгерлік машиналардың механик-жүргізушілерімен автомобильдер мен шынжыртабанды техниканы пайдалану ережелерін, әртүрлі жол және климаттық жағдайларда жол жүру мен машиналарды жүргізуді пысықтады, сабақтың соңында әскери қызметшілермен техникалық даярлық бойынша нормативтер пысықталады.

Артиллериялық батареялар командирлерінің арқасында есептоп бастықтары мен зеңбірек көздеушілері артиллериялық зеңбіректерді жауынгерлік қолдану жөнінде практикалық машықты меңгеруде.

Техникалық қамтамасыз ету мамандарымен бөлім автоқызметінің бастығы майор Виталий Аютченко және реактивті артиллериялық дивизион командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары капитан Сергей Кочетов сабақтардың өткізілуін оқ-дәрілерді сақтау және есепке алу тәртібін айқындайтын басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес құрды.