АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы жыл Қазақстан армиясының құрылғанына 20 жыл толмақ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлық жоспары бойынша жаттығулар аясында десантшылар мерейтой құрметіне парашютпен секіреді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшілер бүкіл ақпан айы бойы бір мезгілде Талдықорған және Қапшағайда парашютпен секіру жаттығуларын жасайды.
Күзгі шақырудың мерзімдік қызмет әскери қызметшілері де аспанда секіруге тұнғыш рет қатысады. Олар тәжірибелі десантшылармен бірге секіреді. Күн сайын шамамен 160 адам биікте самғайды. Бұл жас әскери қызметшілер үшін қатаң сынақ болмақ.
800 метрлік биіктікте шексіз аспанға адым аттау - өте байыпты қадам. Парашютпен секіруге жерде тек барлық элементтерді жақсы бағаға тапсырғандарға ғана рұқсат етіледі.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.