Әскерилер тактикалық оқу-жаттығу барысында дағдыларын жетілдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқ ату мен роталық-тактикалық топтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара роталық-тактикалық топтардыңүйлесімділігінің соңғы кезеңінде өтуде. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты -роталардың жауынгерлік әзірлігін, олардың үйлесімділігін тексеру, әскериқызметшілердің функционалдық міндеттерін орындауына баға беру, практикалықмашықты шыңдау.

«Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелер арнайы жауынгерлікіс-қимылдарды жүргізіп, өзара әрекет ету мәселелерін пысықтайды. Онда дұрыстактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану менбөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының қатаңсақталуына айрықша назар аударылады» делінген хабарламада.

Тактикалық оқу-жаттығу барысында әртүрліқашықтықтарда нысаналарды жою, қолгранаталарын лақтыру, әуе нысаналары бойынша атысты жүргізу және түнгікөздеуіштерді пайдалана отырып, атысты жүргізу қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар