АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аслан Сабазұлы Абдраимов су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аслан Сабазұлы 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік компанияда бастаған. Әр жылдары құрылыс және логистика саласында жұмыс істеді.
2010-2024 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директоры, интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.