ПАРИЖ. KAZINFORM — Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алғашқы жекпе-жегін өткізген команда капитаны Асланбек Шымбергенов қарсыласынан ұтылып қалды.
71 келіген дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін нигериялық Зейяд Ишаишпен өткізген болатын.
Нәтижесінде қарсыласына жол беріп, Олимпиада ойындарын ерте аяқтады.
Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды.
Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.