ҚХР-дың даму және реформалар бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, биылғы жылы қытай Жаңа жылын тойлау кезінде жолаушылар тасқыны 3,6 млрд адамға жетеді. Бұл өткен жылға қарағанда, 200 миллионға артық.
Маусымдық көші-қон шегіне жеткенде пойыз рейстерінің саны тағы 600-ге көбейеді, деп хабарлады China Railway Corporation.
Қытайдың ішкі әуе рейстері әр апта сайын 50 мыңнан 62 мыңға дейін артады. Қытай әуе компанияларының әкімшілігі сұранысты орындау үшін күн сайын кем дегенде 1,1 млн. орынды қамтамасыз етеді деп сендіреді.
Қытай Жаңа жылы немесе Чуньцзе 31 қаңтар күні басталады.