Нақтырақ айтқанда, аса ірі жол-көлік апатынан он адам опат болған. Көліктердің қатты соғысқанынан адамдар биік магистралдан төмен құлаған. Бұл көріністі куәгерлердің бірі дереу видеоға түсіріп алып, ғаламторға орналастырған екен.
Қытайдың Шэньчжэнь Баоань халықаралық әуежайына келген адам бірінші қабатта тұрып, терезеден көргендерін телефонына түсіріп алған. бірақ ол жерде биіктен құлағандардың бәрі түспеген. Құлаған адамдардың бесеуі сол жерде тіл тартпай кеткен, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды. Тағы бесеуі ауыр жарақат алған. Ал осы апатқа кінәлі әйел жүргізушінің өзі зардап шекпеген.
Қазіргі уақытта оны тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Оның кінәсін жеңілдететін бір-ақ жайт бар: зардап шеккендердің түгелі дерлік жолды кесіп өтпек болғандар екен. Олар ұшақтардың ұшып-қонуын фотоға түсіріп аламыз деп жүріп, өздеріне жақындап қалған автокөлікті байқамаған.