Оқыс жағдайдан жаға ұстаған тұрғындар шұғыл полиция шақырады. Анықталғандай, адам денесі Хитроу әуежайына қонардың алдында Kenya Airways әуе компаниясы ұшағының шассиінен құлаған.
Скотленд-Ярд өкілдерінің жорамалынша, мерт болған адам билетсіз ұшқан көрінеді. Жолаушы өзімен бірге ас-суын да алып алған екен. Олар кейінірек ер адам жасырынып отырған жерден - шасси бөлігінен табылды.
Айта кетейік, ұшақ Найробиден Лондонға дейін 9 сағаттай ұшқан.
Жазым болған адамның тұлғасы әзірге анықталған жоқ.