«Қазақстан халқы Ассамблеясының назарында әлеуметтік жаңғыру мәселесі де болуы тиіс. Біз өзіміздің Тәуелсіздіктің 20 жылдығы бағдарламасында той тойлау мәселесін емес, әрбір азаматтың осы тәуелсіздік мәнін сезінуі тиістігін ерекше назарда ұстағанбыз. Бұл ретте негізінен жаңа мектептер, ауруханалар салуды мәселе етіп қойып отырмыз. Қалаларды, өңірлерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, аумақтарды көгалдандыру, барлық елді мекендердің тазалығын арттыру - бұның барлығы маңызды шаралар», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Президент осы мәселелерді атқарғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ел алдындағы беделі де арта түсетінін атап өтті.