Бәрінен де, Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің басты кісілеріне елдік мүддеге қызмет етуге мүмкіндік берді, сондай-ақ, оларды бір мақсатқа жұмылдыра білді. Бұндай пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов «Егемен Қазақстан» газетінде білдірді.
«Ынтымақ-бірлігі жарасқан еліміздің өркендеуіне Ассамблеяның қосып отырған үлесі зор. Соның айғағы ретінде мемлекетімізде ұлтаралық келісім мен тыныштықтың сақталып отырғанын айтар едім. Ассамблеяның басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында, сондай-ақ, осы институттың сауатты іс-әрекеттерінің ықпалымен қоғамымызда қалыптасқан татулықты Қазақстанның ең басты құндылықтарының бірі деп санаймын. Оны біз көзіміздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Қазіргі әлемде түрлі қақтығыстар мен келеңсіз оқиғалар орын алуда. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Міне, сондай жағдайлар бізден аулақ тұр. Бұған тоқмейілсімей, бірлігімізді одан әрі нығайта бергеніміз жөн. Ынтымағы жоқ елде береке болмайтынын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан, мемлекетіміздің ішкі бірлігі үшін атқарылып жатқан әрбір шара біз үшін маңызды», - деді депутат.