Оған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Lev ami» еврей этномәдени бірлестігінің, «Беркат» шешен этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, 200-ден астам жазасын өтеуші және уақытша ұстау изоляторына жеткізілген азаматтар қатысты.
Шарада «Славяне» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова кездесуге қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ержан Уәйіс: «Алғыс айту күні барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн деп білемін. Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Мерейлі мереке баршаңызға құтты болсын», - деп атап өтті.
Өз кезегінде этномәдени бірлестік мүшелері мерекеге арнап концерт қойды. Ал, ЗК-169/5 түзету мекемесі мен ЗК-169/1 уақытша ұстау абақтысы тарапынан келген қонақтарға сыйлық берілді.