«Жаңа жағдайда Ассамблея бұрынғысынша бейбітшілік пен келісімдегі біздің саясатта берік институционалды тірек болып қызмет ете береді деп сенемін. Бүгінгі сессияның мақсаты – саяси жүйенің реформасында Ассамблеяның орны мен рөлін айқындау, оның ары қарай дамуының векторын белгілеу», - деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы жаңа кезеңде Ассамблеясы үш негізгі басымдыққа екпін қоюы тиіс екенін айтты.
«Біріншіден, саяси реформаларды жүзеге асыруда Ассамблеяның рөлін күшейту. Өздеріңіз білесіздер, биліктің заңнамалық тармағының рефорамасы аясында Ассамблеяның атынан депутаттар қазіргідей Мәжілісте емес, Сенатта болады. Мәжілісте Ассамблеяның квотасын қысқарту демократиялық сайлау стандарттарын сақтауға қатысты бірқатар мәселені шешеді. Сонымен бірге, Ассамблея атынан келген сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандық негізінде Қазақстанның этникалық топтары мүдделерінің барша жиынтығын көрсетеді. Мұндай модель халықаралық тәжірибе мен Қазақстанның парламенттік жүйесінің ерекшелігін тиісті түрде танытады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жаңа фунция мен Сенаттың рөлін ескере отырып, Ассамблеяның депутаттық мандаттарының маңызы арта түседі. Сонымен қатар, Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді әрі ашық рәсімін әзірлеуі керек.
«Осы мәселелердің барлығы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы жаңартылған заңда көрініс табуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Осыған дейін ҚР Президенті төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы ашылғанын жаздық.