деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы жылы фестивальге «классикалық» бағыттағы әндерді орындайтын Раиса Нур (МӘСКЕУ), белгілі бард-әзілкеші Владимир Байрак (Воронеж) қатыспақ. В.Байрак - «Не? Қайда? Қашан?» ойынын жүргізуші. Фестиваль сахнасында алғаш рет Невадағы қаладан Насибуллин-Багинская дуэті ән шырқайды. Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы фестивальға қатысушылардың 30-40 пайызға жуығы - дебютанттар. Бүгінде Астананың үш қалалық мектебінде авторлық әндер сабақтары ұйымдастырылған.
Фестивальдің мәдени бағдарламасын ұйымдастыруға Астана қалалық мәдениет басқармасы 1 млн. 800 мың теңге бөліп отыр. Фестиваль әндерін сүюшілердің лагері Қарағанды күрежолының 17-ші шақырымында орналасады.