Бұл туралы sports.kz. хабарлады.
Biwase Cup-та бақ сынап жатқан «Astana-Acca Due O» құрамында: Маржан Байтілеуова, Фаина Потапова, Наталья Сайфутдинова, Махаббат Үмітжанова және Екатерина Юрайтис бар. Жарыстағы спорт директоры - Александр Килибаев.
«Жарыс UCI күнтізбесінде жоқтығына қарамастан, Biwase Cup Азиядағы маңызды дода саналады.
Бірінші кезеңде - жалпы ұзындығы 54 шақырым 10 айналма жарыста Наталья Сайфутдинова бесінші болып келді, Маржан Байтілеуова жетінші орында жайғасты.