Астана афишасы: Данэлия Төлешова мен Monatik бірлесіп концерт береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Астанада 2-8 сәуір аралығында өтетін мәдениет және спорттық шараларға шолу ұсынады.

Елордалық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы келтірген мәліметтерге сәйкес, апта бойы Тәуелсіздік сарайында жеті көрме қатарынан қойылады, олар: «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі, «Қазақстандық суретшілердің шығармалары», «Ой-толғау» көркем кескіндеме көрмесі, «Мейрім үшін алғыс» фотокөрмесі, «Көктем әуені» қолданбалы өнер көрмесі, «Гүлдің нәрі» атты көрмесі және «Оқушылар сарайы»  МКҚК-мен бірлескен «Менің ңұрлы әлемім» қолөнер көрмесі.

2 сәуір күні 11:00-де «Астана» концерт залында Қабылиса атындағы «Жыр атасы-Қабан жырау» атты I-ші Республикалық жыршылар байқауының ашылуы өтеді. Байқаудың бірінші және екінші кезеңдері 3-4 сәуір күндеріне жоспарланған. Жүлдегерлерді марапаттау мен гала-концерт 5 сәуір күні өтеді.

2- 4 сәуір күндері С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің спорт кешенінде Белбеу күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты болады.

 2-8 сәуір күндері «Барыс» спорт кешенінде 2004 жылғы балалар арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Чемпионатының  III кезеңі (А тобы) өтеді.

3-6 сәуір күндері Бейбітшілік және келісім сарайында  астаналықтар «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл кешін тамашалай алады. Басталуы 19:00-де.

3 сәуір күні «Думан» ойын-сауық кешенінде Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. Чемпионат апта соңына дейін жалғасады.

4 сәуірде Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш. Айтматовтың «Аққудың көз жасы...», лирикалық драмасы қойылады. Басталуы 19:00-де.

5 сәуір күні 19:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында С. Матвеевтің «Наедине с Пушкиным» атты моноспектаклі өтеді.

Бұл күні Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Жанна Д' Арк» трагедиясы көрермендер назарына ұсынылады.

5-6 сәуір күндері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің спорт кешенінде Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада аясындағы қазақ күресінен жарыс өтеді.

6 сәуірдің кеші де мәдени шараларға толы.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 19:00-де «Современник» халық жастар театры

В. Красногоровтың «Дождь на соседней улице» театрлық комедиясын қояды.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ізгілік формуласы» комедиясы басталады.

  ҚазҰӨИ-дің орган залында 19:00-де   Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

«Қазақстан» орталық концерт залында «Қарақат» мектеп студиясының 10 жылдығына арналған мерекелік Гала-концерті басталады.

«Барыс-Арена» көпфункциялы мұз сарайында Данэлия Төлешованың қатысуымен украиналық әнші Mонатиктің «Витамин Д» атты шоу-концерті  өтеді. 

7-8 сәуір күндері Қуыршақтар театрында Уолт Диснейдің «Су перісі» мультфильмінің желісі бойынша «Қайта оралған су перісі» қойылымы көрсетіледі.

Сенбі күні 7 сәуірде Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Тіл табысқандар» комедиясын қояды.

Сондай-ақ, бұл күні «Современник» халық жастар театры В. Яковлевтің «Одумайтесь, пожалуйста...» әлеуметтік драмасын ұсынады. Спектакль М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 18:00-де басталады.

8 сәуір күні - жексенбіде Астанада бірқатар мәдени шараларға баруға болады:

- Тәуелсіздік сарайындағы «Spring Fest Cup» атты Халықаралық бал биінен фестиваль;

-  «Жастар» сарайындағы «Праздник непослушания» атты балалар мен  ата-аналарға арналған музыкалық ертегі (11:00),

- Орыс драма театрындағы «Океан Аrt» театрлық мектебінің

«Принцесса и лягушка» атты мюзиклі (11:00),

- «Астана» концерт залындағы «Қазақ дарасы біздер» атты Мұратбек Хайролданың жеке концерті (17:00),

- Орыс драма театрындағы «Современник» халық жастар театрының «Меж жизнью и судьбой» атты концерттік бағдарламасы (18:00).



Фото: img.viva.ua