Аукцион ағылшындық әдіс (бастапқы бағасының өсуіне қарай) бойынша өтеді.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар: 1) аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжат;
заңды тұлғалар: 1) аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжат; 4) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.