«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметтерінше, 2013-2014 жылғы маусымда ЖРВЖ-ның 15 425 оқиғасы тіркелген, соның ішінде 83 тұмау оқиғасы болған, ал 2014-2015 жылдың маусымында ЖРВЖ-ның 16 985 оқиғасы трікелді, соның ішінде тұмаудың 145 оқиғасы болды. Астанада тұмаудың алдын алу шаралары иммундау түрінде жүргізілуде. Осылайша, 2015-2016 жылғы маусымда тұмауға қарсы вакциналауға жергілікті бюджеттен 10 321 826 теңге бөлініп, 13 741 вакцина сатып алынған», - деді З.Рахымбаева.
Бұл ретте ол 2014-2014 жылғы маусымға шамамен 8 млн. теңге бөлініп, вакцинаның 11 006 дозасы сатып алынғанын атап өтті. «ДСҰ тұмауға қарсы вакцинаны адамдардың келесі санаттары: жүкті әйелдер, 6 айдан бастап 5 жасқа дейінгі балалар, созылмалы аурулары бар адамдар, денсаулық сақтау қызметкерлері мен егде жастағы адамдарға ектіруге кеңес етеді. Тұмауға шалдығу оқиғалары қыс айларында жиі болады. Сондықтан вакцинаны эпидемиологиялық маусым басталғанша ектіру маңызды», - деді З.Рахымбаева. Азаматтардың аталған санаттары вакцинаны тегін ектіруге құқылы екенін атап өту керек. Қалған азаматтар үшін вакцинаны қабылдау ақылы негізде қарастырылған.