«Үкіметтің тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жаңа тәсілдер қолға алынып жатыр. Жаңа тәсілдің негізгі міндеттерінің бірі –маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен сату үшін фермерлерге алдын ала қаржы бөлу. Соның аясында күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, нан сияқты тауар өндіретін отандық кәсіпорындарды қаржыландыру көзделген. Қазіргі таңда өтінімдерді қарау тәсілдеріне тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр», - деді ол.
Сондай-ақ ет пен сүт, көкөніс өндірушілермен де алдын ала келісімдер жасалмақ.
«Ет пен сүт өндіретін отандық өндірушілерді белгіленген бағадан аспау туралы өзара міндеттеме аясында қаржыландыру қарастырылып отыр. Күзде алынатын көкөністерді келісімшарттау мақсатында отандық тауар өнідрушілерді форвардтық қаржыландыруды көздейтін өзгерістер енгізілді.
Бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін ақпан-сәуір айларында жалпы көлемі 8 мың тонна көкөніске интервенция өткізілді. Соның арқасында бағалар 5-10 пайыз төмендеді», - деді Мақсат Жаңабаев.