Астана әкімдігі Astra bus қосымшасының неліктен істемей тұрғанын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astra bus қосымшасы техникалық ақауға байланысты істен шықты. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Жүргенбаева мәлім етті.

«Кеше таңертеңнен бері Astra bus мобильді қосымшасы техникалық ақауға байланысты  істен шықты. Қазіргі уақытта бағдарламаны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке дейін қосымша іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Эльвира Жүргенбаева.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желі қолданушылары Astra bus қосымшасы істен шыққандығын айтып шағымданған болатын.