Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ата-аналар аязды күндері білім беру мекемелерінде сабақтын болатын не болмайтындығын «31 арнаның» жүгіртпе жолынан - бірінші ауысымда оқитындар үшін сағат 6.45-тен 7.45-ке дейін шығатын, екінші ауысымдағылар үшін 12.15-13.00 уақыт аралығында шығатын хабарландырулар арқылы біле алады.
Онымен бірге, ақпараттар «Деловая волна» радиосынан (103,2 ҒМ), күнделікті, таңертеңгі сағат 9.00-де (жексенбіден басқа күндері) айтылады.
Оқушылар мен ата-аналар сондай-ақ 118-1 (9.00-18.00), 325-006 немесе ақылы 169 телефон нөмірлеріне хабарласып, біле алады.
Сонымен қатар баспасөз қызметі, күннің қандай жағдайларында сабақтардың болмайтындығын анықтап берді: егер ауа температурасы Цельсий бағаны бойынша -25 және одан төмен болып, желдің жылдамдығы секундына 2 метрді құраса - 1-4 сыныптар аралығында сабақтар болмайды.
Желдің күші секундына 2 метрді, ауа температурасы -30 және одан төмен болса, 1-9 сыныптар аралығында оқитын оқушылар сабаққа бармайды.
Егер термометр бағаны -35 және одан да төмен градусты көрсетсе және желдің екпіні 2 м/с-ты құраса, сабақтар оқушылар үшін ғана емес, кәсіби лицейлер мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін де болмайды.
Айта кетейік, желдің жылдамдығы секундына 2 метрден асса температура -5 градусқа артады.