«Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Астана әкімдігі жергілікті бюджеттен 200 миллионнан астам теңге бөлді», - деп атап өтті ол.
Б.Тлеповтың келтірген мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні Астанада 300-ге жуық ҮЕҰ тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс жасайтындары - 180, қала әкімдігімен тығыз қарым-қатынаста қызмет ететіндері - 60.
Ол сондай-ақ, әкімдік бөлген қаражатқа жүзден астам жоба іске асқандығын атап өтті. Айта кетейік, елордада әлеуметтік маңызы бар жобаларға мемлекеттік тапсырыс осымен 6 жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді.