Оның айтуынша, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында компанияның пәтерлерді рұқсат беретін құжаттарсыз салып жүргендігі анықталған.
«Бұл ақпарат бізе Астана қалалық құрылысшылар қауымдастығынан келіп түсті. Сонымен қатар, бізге қала тұрғындары да көп рет қоңырау шалып, сұрастырған болатын. Бұл ведомствоаралық комиссияны құруға негіз болды. Біз «АльБаракат» ЖШС-на пәтерлерді қолданысқа беруді тоқтата тұруды ұсындық. Алайда олардың тарапынан ешқандай әрекет жасалмағандықтан, құжаттар жиналып, қалалық ІІД-ге одан әрі істі қарауға жіберілді", - деп атап өтті ол.