Қала көшелерін, тұрғын үй секторын және жерасты өтпе жолдарын су басып, дауылды жел ағаштарды құлатуы мүмкін. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Жолдарда кептелістер туындауы мүмкін. Сол себепті жүргізушілер қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлағаны абзал.
«Астана билігі тұрғындар мен қала қонақтарын жылы киініп, қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға шақырады. Туындаған төтенше жағдайлар жөнінде 109 қызметіне хабарлауды сұраймыз», - делінген елорда әкімдігінің сайтында.