Астана әкімдігі нарықта сенімсіз мердігер компаниялардың пайда болғанын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алушыларын елордада сенімсіз мердігер компаниялардың пайда болғанын айтып, ескертеді.

Әкім аппаратының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде елорда нарығында өз қызметтерін ұсынып, пәтерлерді сатуды жүзеге асыратын мердігер (құрылыс) компаниялар көп.

«Жылжымайтын мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының нормаларын білу керек. Соған сәйкес мердігер тұрғын үй ғимараттарын салу тәжірибесін меңгеруі міндетті, соның ішінде тапсырыс беруші ретінде ҚР заңнамасының тәртібімен көрсетілгендей, үш жыдан бері кем дегенде жүз пәтерді тапсырған болуы керек, жүз мың АЕК мөлшерінде жеке капиталы болуы тиіс, үлескерлерді тарту есебіне тұрғын үй ғимараттарының құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметіне лицензиясы болуы керек. Үлескерлердің ақшасын тарту арқылы тұрғын үй ғимараттарының құрылысын ұйымдастыру қызметінің лицензиясы екі кезеңде беріледі», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Жылжымайтын мүлік сатып алушыларына мердігердің жобалық компания мен мердігердің атауы мен орналасқан жері, мердігердің құрушысы мен заңды тұлғаның көрсетуімен жеке тұлғаның аты, тегі мен әкесінің аты көрсетілген мәліметтер, заңды тұлғалар - мердігер мен жобалық компанияның мемлекеттік тіркеуі туралы анықтамалар, салық төлеушінің куәлігі, тұрғын үй құрылысында мердігер мен жобалаушы компанияның кәсіпкерлік қызметті атқарғаны туралы соңғы жылғы аудиторлық қорытындысы, жоблаушы компанияның үлескерлердің ақшасын тарту есебіне тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметіне лицензиясы туралы мәліметтер болуы керек. Онда мердігер үш жыл көлемінде жүзеге асырған тұрғын үй ғимараттарының құрылысы жобасы туралы, аталған нысандардың орны мен олардың пайдалануға берілген мерзімі, жер учаскесіне жобалаушы компанияның немесе мердігердің сәйкес құқығын растайтын құрылыс нысаны туралы құжаттар көрсетілуі керек.

Осы күні кез келген азамат Астана қаласының әкімдігіне барып, құрылысты жүргізуші компания туралы біле алады. Ол ақпарат Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметтер базасында бар.

Қазақстанның Құрылысшылар қауымдастығында хабарлағандай, 2014 жылы елорданың жылжымайтын мүлік нарығында «Әл-баракат» компаниясы пайда болды. Құрылыс компаниясы тұрғын үйлерді салу мен оларды сатуды нарықта қалыптасқан 1 шаршы метрді жүзеге асыру бағасынан бірнеше есе төмендетуді жоспарлап отыр. «Әл-баракаттың» төлем жүйесі - бұл бастапқы пайызсыз жарна төлеу кезінде пайызсыз ұзақ мерзімге беру. Үлескер инвестициялау келісімшартындағы жалпы сомадан 25 пайыз мөлшеріндегі бастапқы жарнаны енгізіп, қалғанын 5 жылға дейін мерзімге алады. Кейбір пәтерлер Әл-баракаттың «Бәріне арналған баспана» әлеуметтік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс мерзімінің басталуы мен тапсырылатын мерзімі үнемі бас жоспардың түзетулер мен рұқсат ететін құжаттарының болмауына байланысты кейінге қалдырылады.

Бұл компания «Шаржа» және «Прага» тұрғын үй кешендерінде инвестициялау келісімшарттарын жасайды, деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге, атап кететіні, «Шаржа» тұрғын үй кешені бойынша, мердігердің құрылысты жүргізуге рұқсат ететін құжаттары болмай шықты, мердігердің эскиздік жобасында жалған қол қою және мөр басу фактілері анықталды. Ал Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметтер базасында эскиздік жобаның бекітілгені туралы мәліметтер жоқ.

«Шаржа» ТК құрылысын жүзеге асыру мүмкін емес. Себебі мердігер құрылыс жүргізгелі отырған жер учаскесінің бөлігі «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясынла Астана қаласы әкімдігіне қарайтын «Елорда даму» ЖШС-ға берілген.

Қауымдастықтағылардың атап көрсетуінше, осылайша әрекет етіп, Астана тұрғындарын төмен бағамен жаңа баспананы сатып алу қиялын қалыптастырып, шатыстырған оқиғалар бар. Ондай жағдайларда құрылыс мүлде басталмайды, болмаса құрылысы ұзаққа созылады, болмаса уәде етілгендей болып салынбайды. Салдарынан мемлекет пен басқа мердігерлер осы сияқты мердігерлердің міндетін атқару жауапкершілігін алуға мәжбүр.

Астана қаласының әкімдігі сатып алушыларды сақ болуға шақырады. Барынша тексеріп, содан кейін барып шешім қабылдауға кеңес береді.