Астана әкімдігі сайлаушылар тізімін анықтау үшін үйлерді аралау науқанына қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сайлаушылар тізімін анықтау мақсатында үйлерді аралау науқаны жүріп жатыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

ҚР Президентін сайлау науқанына дайындық жұмыстары аясында Астана қаласының аудан әкімдері аппараттарының ұйымдастыруымен сайлаушылар тізімін анықтау үшін сайлау комиссиясының өкілдері және учаскелік инспекторлардың қатысуымен күнделікті тұрғын үйлерді аралау шаралары жүргізілуде. Пәтерлерді аралау шарасы 11-наурызда басталды және арнайы топ құрамында волонтерлар мен ІІБ учаскелік инспекторлары бар, оларда аты-жөні мен аудан әкімі аппаратының мөрі басылған арнайы бейдж болады. «Сарыарқа» ауданы бойынша бұл жұмысқа 287 студент және 40 оқытушы, сонымен қатар, ІІБ 89 қызметкері тартылды. Олар осы уақытқа дейін 20 мыңнан астам пәтер мен 3116 жекеменшік тұрғын үйді аралап үлгерді. «Алматы» ауданында аталған шараға 287 волонтер мен 125 инспектор атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін олар 50310 пәтер мен 4414 жекеменшік тұрғын үйді аралады. Ал, «Есіл» ауданында сайлаушылар тізімін анықтау жұмыстарына 157 волонтер тартылған. 18 наурызға дейін волонтерлар 197 тұрғын үй мен 1654 жекеменшік тұрғын үйде болған. Қаланың атқарушы билігі тұрғындардан бұл шараларға түсіністікпен қарауға және волонтерлар ұсынған анкеталарды толтыруға шақырады. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайларға хабарласа аласыздар: «Есіл» ауданы - Қабанбай батыр даңғылы, 33. Тел.: 46-61-51, 78-06-83, 46-74-70; «Сарыарқа» ауданы - Сарыарқа даңғылы, 13, №311 каб. Тел.: 55-66-48, 55-66-09, 55-74-88; «Алматы» ауданы - Тәуелсіздік даңғылы 7, тел.: 36-23-99, 35-02-84, 35-45-27.