Құрылыс салушының құрылысты бастау үшін төмендегідей құжаттары болуы тиіс: - Нысан орналасқан жер учаскесін иелену құқығын растайтын құжаттары (жеке меншік немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығына арналған акті); - Әзірленген және сараптамадан өткен инженерлік желілері көрсетілген жобалау-сметалық құжаттамасы; - Әкімдіктің құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат қаулысы; - «Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (МСҚҚБ) құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламасы.
Рұқсат беру құжаттамалары туралы қажетті ақпаратты Астана қаласы әкімдігі сайтының «Ақпараттар бюросы» бөлімінен алуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.