«Әкімдік ешқандай хабарламалар таратқан жоқ. Бұл ақпарат шынайылыққа жанаспайды»,-делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін WhatsApp месенджері арқылы уақытша тіркеуде тексеруге келген азаматтарды үйге кіргізбеу қажеттігі жөнінде қала әкімінің арнайы өкімі шыққандығы жөнінде мәлімет тараған болатын.
14:24, 12 Қаңтар 2017
Астана әкімдігі уақытша тіркеуге қатысты таратылған ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік желілер мен WhatsApp месенджері арқылы тараған уақытша тіркеуге қатысты ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлады бүгін Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.