Астана әкімдігі ҰОС ардагерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Халықаралық әйелдер күніне орай елорда әкімдігімен барлық мәдени мекемелерде мерекелік шаралар, халықтық серуендер өтіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сауда-ойын-сауық орталықтарында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылып, лотерея ұтыстары өткізіліп, сыйлықтар тарту етіледі.

Өз кезегінде елорда әкімдігінің өкілдері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтап, гүлдер мен сыйлықтар табыстады.