Астана әкімдігі жанында Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры құрылды

АНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры құрылды.

Бүгін әкімдікте Қорды қаланың белсенді жастарына таныстыруға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

«Қор «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы аумағындағы 14-29 жас аралығындағы жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, жастардың бастамашыл ойларын қолдауға бағытталған. Оның мақсаты - жастарға, әсіресе мүмкіндіктері шектеулі, әлеуметтік аз қамтылған жастар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ жас отбасылардың түйіткілдерін шешуге құқықтық тұрғыда қолғабыс ету. Сонымен бірге, қала мен оның аумағында тұратын жас өрендердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жүйелердің жұмысын қадағалау болып табылады», - деп атап өтті Қор директоры Мақсат Батырбеков.

Өз кезегінде Астана қаласы Ішкі ісаясат басқармасының бастығы Болат Тлепов, Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры әкімдік жанында құрылғандықтан, оның жұмысын тиімді жүргізуге әкімшілік, қаржылық және адами ресурстар жеткілікті екендігін айтып, оның жұмысы жемісті болатындығына сенімін білдірді.