Бұл туралы бүгін жол инфрақұрылымы мен жол құрылысының сапасына қатысты Астана әкімдігінде өткен кеңесте мәлім болды.
«Барлық жолдарға кепілхаттар бола тұра, олар қыстың климаттық жағдайына неліктен шыдамағанын түсіну үшін, мен қыстан кейін қаладағы барлық жол-көлік төсемдерінің ақауларын анықтауды тапсырдым», - деді қала әкімі.
«Тексеріс нәтижесінде жолдардың 55 ақауы мен бұзушылықтары анықталды, оның 38-і ескі инженерлік жүйелердің жарылуынан болған», - деп баяндады әкім орынбасары Қанат Сұлтанбеков.
Оның сөзіне қарағанда, жол төсемдері ақауларының басты себебі, жұмыстардың жауапсыз орындалуы және асфальт- бетонның сапасының төмендігі болып отыр. Осыған байланысты, өнімдері жол құрылыстарына жіберілген зауыттардың саны үстіміздегі жылы 18-ден 5-ке қысқартылды.
Кеңес соңында И.Тасмағамбетов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолары басқармасына мердігер компаниялармен бірлесіп алдағы мамыр айының 20-сына дейін мердігердің қаражаты есебінен анықталған ақауларды жоюды тапсырды.
«Бізге берілген кепілхатқа сәйкес барлық учаскелер компаниялардың өздерінің есебінен жөнделуін қадағалаймын. Ал жаңа жұмыстарға қатысты ешқандай ағаттық болмау қажет», - деді қала басшысы.
Әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылы Астанада 34 орталық көшеде, қала маңындағы 76 тұрғын алқабында, 75 орамішілік жолдарда барлығы 150 шақырым жол және 34 шақырым жаяулар жолдары жөнделіп, салынды.